); ga('send', 'pageview');
 

Қазақ әліпбиі 25 латын әрпі мен 8 диграфтан тұруы мүмкін

АСТАНА, 11 қыркүйек — Sputnik. Парламентте дүйсенбі күні қазақ тіліне арналған латын әліпбиі ұсынылды. 

Дүйсенбі күні мәжілісте қазақ тіліне арналған латын әліпбиің бірыңғай стандартын енгізу мәселесіне арналған парламенттік тыңдау өтті. 

Қазақ тілінің ұсынылған жаңа әліпбиі 25 әріптен тұрады, деп хабарлады Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов.

Қазақ тілінің кей дыбыстары екі әріптің қосындысы –диграфтармен берілетін болады. Тілешовтың айтуынша, ұсынылған әліпби қазақ тілінің бүкіл дыбыстарын таңбаға түсіре алады.

Тыңдауда ұсынылған жоба бойынша, әліпби былай болмақ:

Латын әрпі – дыбыс:

Аа — Аа

Bb — Бб

Cc — Цц

Dd — Дд

Ee — Ее

Ff — Фф

Gg — Гг

Hh — Хх/Һһ

Ii — Іi/Ии

Jj — Йй

Kk — Кк

Ll — Лл

Mm — Мм

Nn — Нн

Oo — Оо

Pp — Пп

Qq — Қ/қ

Rr — Рр

Ss — Сс

Tt — Тт

Uu — Ұ/ұ

Vv — Вв

Ww — Уу

Yy — Ыы

Zz — Зз

Латын әліпбиіндегі диграфтар – дыбыс

ае — ә 

ое — ө 

ue — ү 

ng — ң 

gh- ғ

ch- ч

sh — ш 

zh — ж

Other posts in this category