); ga('send', 'pageview');
 

Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру – озық технологияларға апарар жол

Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру – ақпараттық стандарттарға сәйкес озық технологияларға апарар жол болмақ. Парламент Сенатының төрағасы Асқар Бейсенбаев жаңаша үрдіс Қазақстанның ғаламдық сандық кеңістікке бейімделуіне қадам жасайды,- дейді. Сенатордың айтуынша,  реформа кезең-кезеңмен жүзеге асады. Бұл әліпбиді кез келген бағдарламаға лайықтауға мүмкіндік береді.

АСҚАР БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 – Бір ауыздан латын графикасына көшуді қолдау, меніңше, еліміз үшін дұрыс шешім. Өйткені  біз жаһандану дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Бүгінде көптеген компьютерлік бағдарламалар латын қарпімен жазылған. Келешекте біздің ұрпағымыз технология тілін жетік түсініп, компьютер, телефон, айпад, интернетті емін-еркін басқара алады. Демек, біз бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің алдын алып жатырмыз. 

Қазақ тілін жаңғырту, ауызекі сөйлеу мен өзара байланысқа әсер етуімен қатар, рухани жаңарудың, ұлттық сананы оятудың күшті факторы саналады. Республикалық тілдерді дамыту орталығының директоры осындай пікірімен бөлісті. 

ЕРБОЛ ТІЛЕШОВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 – Тіл үйрену кез келгенді өзіне елітіп алары сөзсіз. Латынды үйренуге шындап кіріссеңіз қай тілде сөйлесеңізде қиынға соқпайды. 

Source: http://kazakh-tv.kz/

Other posts in this category