); ga('send', 'pageview');
 

Қазақ тіліндегі латын әліпбиі – уақыт талабы

Осыдан он жыл бұрын мен университетте оқып жүргенде қазақ жазуының латын әліпбиіне ауысуы туралы түрлі пікірталастарға белсенді қатыстым.
Пікірталасқа қатысушы менің қатарластарым өз ойларын ашық айтты. Кейбірі «келіспейтіндерін» білдірсе, көпшілігі латын ғаріпіне көшуді қолдады. Кейбір компьютерлік құрылғыларда кирилица әріптерінің жоқтығынан қатарластарымның көбісі әлеуметтік желіде хат алмасқанда қазақ әріптерінің орнына латын әріптерін қолданады. Рас, бұл кезде грамматика мен орфографияны ұмытуға тура келеді.
Қазақ жазбаларын латын әліпбиіне көшіру процесі парламенттік тыңдаудан кейін ілгері қарай жылжыды. Бұл мәселе қазақстандықтар ұшін шын мәнінде рухани, мәдени сипаты бар екенін атап өту қажет.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанда латын әліпбиіне көшу туралы айтыла бастады, өйткені сол кезде көршілес Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Әзербайжан елдері латын әліпбиіне көшіп жатқан болатын. Ол кезде бірінші кезекті экономикалық маңызды мәселелелерді шешіп алу басты міндет болғандықтан, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында қазақ жазуын латын әліпбиіне негіздегенін айтып өтті.
Биылғы жылғы Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында латын әліпбиіне көшу қажеттілігі туралы мәлімдеді.
«Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес. Біз Тәуелсіздік кезеңінде ауқымды іс атқардық,-дей келе, – 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. Таяу екі жылда ұйымдастырушылық және әдістемелік жұмыстарды жүргізу қажет. Осы міндетті іске асыру үшін арнайы құрылған Ұлттық комиссия міне, бірнеше айдан бері рухани жаңғыру мәселесі бойынша дайындық жұмыстарын жүргізді»- деді Нұрсұлтан Әбішұлы.
Мен осы бабтың аясында ұйымдастырылған іс-шаралар мен дөңгелек үстел отырыстарына қатыстым, аталған сұрақ аясында түрлі пікірлерді тыңдадым. Атап айтқанда, ол пікірлердің барлығы латын әліпбиіне көшу заман талабы екенін және ана тілімізді жаңғыртудағы аса маңызды міндеттердің бірі екеніне тоғысты.
Ғасырлар бойы латын әліпбиі түрлі сынақтарға ұшырағандығын айтудың да қажеті жоқ.
Ол 1929-1940 жылдары Қазақстанның барлық жерлерінде кеңінен қолданылған. Қазіргі таңда 25 белгі мен 8 қосымша белгіден тұратын жаңа әліпбидің жобасы жұртшылықтың талқылауына ұсынылып отыр. Менің ойымша, әліпбиді құрастырушылар барлық түскен ұсыныстарды ескере отырып, әліпбиді жетілдіру керек.
Менің ойымша латын әліпбиіне көшуге қолайлы уақытты дұрыс таңдадық деп есептеймін.
2025 жылға дейінгі 8 жылда жаңадан оқу орындары түскен студенттер жоғары білім алып, бірінші сыныпқа барған оқушылар жазып үйренуге тез бейімделіп, елімізде латын әріптерінде оқулықтар пайда болады.
Ең бастысы латын әліпбиіне көшу барысында туындайтын қиындықтар мен мәселелерді ескеру керек, олар кез-келген өтпелі кезеңде пайда болатыны сөзсіз.
Алда бізді белгілі, жүйелі тәсілмен күш жұмсауды талап ететін үлкен жұмыстар күтіп тұр.
Ширек ғасырдағы қол жеткізген жетістіктердің арқасында бұл сынаққа қазақстандықтар абыроймен төтеп береді деп ойлаймын.
Біз өмірімізге латын әліпбиін енгізуді бірауыздан қолдаймыз.
Бұл ұлы істе бізге сәттілік серік болсын!
Серікбол БЕРІКҚОЖА
Тараз қалалық мәслиxатының депутаты

Turaninfo

Other posts in this category