); ga('send', 'pageview');
 

Латынға А. Байтұрсынұлынша көшудің уақыты келді!

  • Жүз жыл бұрын Ахмет Байтұрсынов қалай нағыз ұлттық әліпби жасау керектігін жазып кеткен еді. Ал бүгін, Байтұрсыновтың дәл сол әліпби жасау ережесімен (ең кемелді) апострофты латынға көшу жолы біздің алдымызда тұр. 
  • А. Байтұрсынов қазақ тілінің негізгі ерекшелігі – үндестік заңына негізделіп, қалай әліпби жасау керектігін, әсіресе, қай кезде апострофтарды қолдану және оны қалай жоғалту,  қалай қазақ тіліне бағындыруды өте керемет және өте кемелді түрде шешіп кеткен.

Жақында президентке ұсынылған соңғы апострофты латын әліпбиін көрдік, ақиқатын айтсақ, онда апострофтар келсін-келмесін қолданылған. Апострофта ешқандай нақты функция жоқ. Оған қоса, алдыңғы диграфті латыннан еш артықшылығы жоқ, жазған кезде ұзарып, шұбалаңқы болып кетеді.

Бүгін біз А. Байтұрсыновтың әліпби жасау ережесін толықтай қолдана отырып, әрі қазақ тілінің өз ерекшелігіне сай, әрі ықшам жазылатын апострофты латынды қалай жасау жайында баяндаймыз. Ахмет Байтұрсынов араб әліпбиіндегі көп апострофтарды қалай қазақ тіліне икемдеп, азайтып, жоғалтса, біз де сол ережеге жүгіне отырып, латын таңбаларындағы қаптаған қалың апострофтарды қазақ тілінің заңдылықтарына сай өзімізге бағындырамыз, ықшамдаймыз, жоғалтамыз. Нәтижесінде, әрі тез, әрі ықшам жазылатын және халықаралық латын әріптерімен таңбаланған, оған қоса, қазақтың тіл заңдылықтарын сақтаған Байтұрсыновша ұлттық латынға жол тартамыз.

БАЙТҰРСЫНОВША ЛАТЫН ӘЛІПБИ ЖОБАСЫ

 

Латын таңбасы Дыбысталуы Латын таңбасы Дыбысталуы
1 A a А а 14 M m М м
2 B b Б б 15 N n Н н
3 V v В в 16 O o О о
4 G g Г г 17 P p П п
5 H h Ғ ғ 18 R r Р р
6 D d Д д 19 C c Ш ш
7 E e Е е 20 T t Т т
8 J j Ж ж 21 F f Ф ф
9 Z z З з 22 W w У у
10 Y y Й й/И и 23 U u Ұ ұ
11 K k К к 24 S s С с
12 Q q Қ қ 25 I  i Ы ы
13 L l Л л 26 Дәйекше

 

Жіңішке дауыстылар Диграфтар
Латын таңбасы Дыбысталуы Латын таңбасы Дыбысталуы
1 А’ a’ Ә ә 1 NG ng Ң ң
2 O’ o’ Ө ө 2 KH kh X x
3 U’ u’ Ү ү 3 CH ch Ч ч
4 I’ i’ I i 4 TS ts Ц ц

Бұл жоба-26 латын әріпі мен тыныс белгілері аясында қарастырылды. Әрқандай электронды теру жүйесінде еш кедергісіз төте теру көзделгендіктен, еш әріпке формалық өзгеріс енгізілмеді, Өзге жобалардан ең басты айырмашылығы:

1. Қазақтың төл дыбыстары бір әріп-бір дыбыс ережесіне бағындырылды. 2. Апострофтарды қолдануда Аxмет Байтұрсынұлының қағидалары негіз етілді. Бұл нұсқа Қазақ тілінің 28 төл дыбысын толығымен қамтумен бірге, шеттен еніп, тілімізге әбден орныққан кейбір кірме дыбыстарға мүмкіндік беріліп, мүлдем қажетсіз дыбыстар қалтырылды. Төменде, фонема таңбаларын дыбыс ерекшелігі бойынша бөліп көрсетіп, бұл нұсқаның басқа нұсқалардан өзгеше тұстарын атап көрсетіп, таңдаған таңбаларымызға қысқаша түсініктеме жасайтын боламыз.

  • Дауысты дыбыстар (саны 9)
Жіңішке дауыстылар Жуан дауыстылар
a’ (ә) a (a)
o’ (ө) o ( o)
u’ (ү) u ( ұ)
i’ (і) i ( ы)
e (e/э)

 

Түсініктеме: жуан дауысты А, О, Ұ дыбыстары әлем елдері кеңінен пайдаланатын нұсқа бойынша қабылданса, олардың сәйкесті жіңішке дауыстылары Ә, Ө, Ү апостраф белгісін (’) қолдану арқылы жасалды. Оны дәйекше деп атауға да болады. (Microsoft Office жүйсінде төмен бағытталған апостраф белгісінің дұрыс жазылуы үшін дәйекшені жіңішке дауысты дыбыс таңбасының соңына қоиюды ұсындық.) Дәйекшенің БАЙТҰРСЫНОВША қолданылу тәсілі мақала соңына қарай тәптештей түсіндірілетін болады.

Көп санды латын қарпын қолданушылар Ы дыбысы үшін << y >> таңбасын пайдалануды әдетке айналдырған. Алайда, қазақ тіліндегі Ы дыбысының қолданылу жиілігі И дыбысынан жоғары болғандықтан, << y >> таңбасын жиі қайталап жазу әурешілік тудырумен қатар жазу көркіне де нашар ықпал ететіндіктен, жазуға біршама ықшам болған << i >> таңбасы алынды. << y >> таңбасы қолданысы сиректеу болған И дыбысына берілді. Ы дыбысының сәйкесті жіңішке түрі I дыбысы << i >> таңбасына дәйекше қоию арқылы жасалды.

Дәйекшені қолдану тәсілі Ахымет Байтұрсынұлы ұсынған тәсілмен бірдей: 

  1. Қазақ тілі буын үндестігі заңдылығына сәйкес, көп буынды сөз жуан болып басталса, қалған буындары да түгелдей жуан; жіңішке басталса, қалған буындары да түгелдей жіңішке болатындықтан, дәйекше тек бірінші буындағы жіңішке дыбысқа қойылады да, соңындағы жіңішке дауысты дыбыстар табиғи түрде жіңішке оқыла береді. Мысалы:

Білімді-Bi’limdi ( B’il’imd’i емес);

Өмір-o’mir;

Жүзім-ju’zim;

Білім-bi’lim;

Мұнда айта кететін бір жайіт: президентке ұсынылған соңғы апострофты латын әліпбиінде, апострофтарда нақты бір функция жоқ. Келсін-келмесін апострофтарды қолдана берген. Ал, бізде апострофтар БАЙТҰРСЫНОВША тек жуан дауысты дыбыстардың жіңішке сыңарын таңбалауға ғана қолданады. Бұл өз кезегінде, Латын таңбаларын БАЙТҰРСЫНОВША ұлттық тіл заңдылығымызға бағындырады және апострофтардың толығымен жоғалып кететін кезі көп болады, бұл өз кезегінде ықшам жазу артықшылығына ие болады. Ал, президентке ұсынылған нұсқада қаптаған апострофтар жазуды ұзартып, шұбалаңқы етіп жібереді.

Бір мысал, ол нұсқада, «у-шуға өш үй» y’-s’y’g’a o’s’ u’i’ (9 әріп, 8 апостроф) деген сияқты сөздерді жазатын болсақ, сөз қабаттасқан апострофтардың арасында қалады. Ал, БАЙТҰРСЫНОВША латында «w-cwha o’c u’y» ( 9 әріп). Екі-ақ апостроф. Ал, диграфты нұсқа тіпті сорақы: W-shwgha oesh uej (14 әріп).

  1. Құрамында Г, К, Е дыбыстары бар сөздерге дәйекше қойылмайды да, ондағы дауысты дыбыстар тікелей жіңішке болып оқылады. ( Себебі, К, Г, Е қашанда жіңішке дауыстылармен қатар келеді. Сол үшін жүз пайыз жіңішке дауысты болған соң, дәйекше қоюдың керегі жоқ). Мысалы:

Әке-ake;

Көке-koke;

Үйрек-uyrek;

Ілгек-ilgek.

  1. Құрамында Г, К, Е дыбыстары бар, бірақ жуан буын араласып келген шеттен, әсіресе, орыс тілінен енген сөздер әуелгі нұсқа бойынша қабылданады. Г, К, Е дыбыстары сөз ішіндегі басқа жуан дауысты дыбыстардың жуан болып оқылуына әсер етпейді. Мысалы:

Жазылуы: strategya 

Оқылуы: стратегия (стрәтәгиә емес);

Жазылуы: ekologya 

Оқылуы: eкология (eкөлөгиә емес).

  1. Жуан-жіңішке буын араласып келіп, буын үндестігі сақталмаған кейбір туынды сөздер, біріккен сөздер мен біріккен жер-су, кісі аттарын жазуда және оқуда, бірігудің алдында қалай жазылып, қалай оқылатын болса, біріккеннен кейін де сол қалпында жазылып, сол қалпында оқылады. Жіңішке буынды бөлек, жуан буынды бөлектің оқылуына әсер жасамайды. Мысалы:

Жазылуы: Asan+a’li= Asana’li 

Оқылуы: Асанәлі (Әсәнәлi емес);

Жазылуы: A’lim+jan= A’limjan

Оқылуы: Әлімжан (Әлімжән емес);

Жазылуы: oner+paz=onerpaz 

Оқылуы: өнерпаз (өнерпәз емес);

Жазылуы: Ala+kol=Alakol 

Оқылуы: Aлакөл (Әләкөл емес).

  1. Aрaб-Парсы тілінен кірген, буын үндестігі сақталмаған аз санды сөздерді жазуда жоғарғы ережелер сақталады. Алайда, тілімізге сіңген оқылу мәнерімен оқылады, әрі құрамында Қ дыбысы бар буын қашанда жуан оқылады. Жіңішке буынды бөлек жуан буынды бөлектің оқылуына әсер жасамайды. Мысалы:

Жазылуы: rakhmet 

Оқылуы: рахмет (рәхмет емес);

Жазылуы: qurmet 

Оқылуы: құрмет (қүрмет емес);

Жазылуы: qate 

Оқылуы: қате (қәте емес).

  1. Жуан буынды сөздерге жалғанған көмектес септік жалғаулары өздерінің алдындағы сөздің жуан оқылуына әсер жасамайды. Мысалы:

Жазылуы: mal+men=malmen 

Оқылуы: малмен (мәлмен емес) ; 

Жазылуы: ot+pen=otpen 

Оқылуы: отпен (өтпен емес);

(Егер өтпен деп жазу керек болса е дыбысына Қарамастан дәйекше қоиюға болады. Яғни, o’tpen ).

Жазылуы: murt+pen= murtpen

Оқылуы: мұртпен (мүртпен емес);

Жазылуы: hilim+men=hilimmen

Оқылуы: ғылыммен (ғіліммен емес).

 

  • Жартылай дауысты дыбыстар (саны 2)

w (у)
y (и/й)

Түсініктеме: Бұлар басқа дауысты дыбыстармен бір буында келсе дауыссыз, ал, ұқсас бір буында басқа дауысты болмаса дауысты дыбыс болып қолданылады. Мысалы:

Oy-ой

Toy-той

Taw-тау

Baw-бау

Бұл сөздерде У және И дыбыстары дауыссыз ;

Qyin-қиын

Tyim-тыйым

sw-су

Qw-қу

Бұл сөздерде У және И дыбыстары дауысты.

 

  • Дауыссыз дыбыстар (саны 17)
Үнді Ұяң Қатаң
m(м) b(б) p (п)
n(н) d(д) t(т)
ng(ң) g(г) k(к)
l(л) h(ғ) q(қ)
r(р) z(з) s(с)
j(ж) c(ш)

Түсініктеме: Бұнда қазақ тілінде жиі кезігетін Ш, Ғ, Ж дыбыстарына бір әріптен берілсе, Ң дыбысы xалқарада кеңінен қолданылатын  <<ng>>  қос таңбасымен берілді.

Қазақ тілінде бар дыбыстарды барынша қосарламау үшін Ш дыбысына қосарланған <<sh>> диграфын қолданбадық. Есесіне, 1924 жылы Төреқұлов ұсынған латын әліппесі нұсқасы бойынша, Ш дыбысы <<c>> таңбасымен берілді.         (Оған қоса халықаралық дыбысталуда с дің Ш болып оқылатын кездері бар. Мысалы: Social [соушл]. )

 

  • Кірме дыбыстар (саны 5)

Араб-Парсы, сондай-ақ, Орс тілінен еніп, әбден орныққан шінара дыбыстарға мүмкіндік берілді. Қажетсіз деп тапқан жағдайда, бұл таңбаларды алфавиттен алып тастауға да болады.

kh(х) f(ф)
ts(ц) ch(ч)
v(в)

Сонымен, бұл Aлфавит 9 дауысты, 2 жартылай дауысты, 17 дауыссз, 5 кірме, жиыны 33 дыбысты бейнелейтін 26 таңба мен 1 белгіден тұрады.

Латын- Қазақ әліппесіне мысал:

Jasimda hilim bar dep eskermedim,

Paydasin kore tura teksermedim,

Erjetken song tuspedi wisima,

Qolimdi mezgilinen kec sermedim.

Abay Qunanbayuli

Bir Allaha syinip,

Kel, balalar, oqiliq,

Oqihandi kongilge,

Iqilaspen toqiliq.

Ibiray Altinsaryn

Байтұрсыновша латын әлпбиінің

АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:

  • Қазақтың тіл заңдылықтарын сақтайтын Ахмет Байтұрсыновтың еміле ережесі арқылы қаптаған қалың апострофтар жоғалады. Ықшам жазылады.
  • Қазақ дыбыстары тек бір әріппен таңбаланады.

Пернетақтадағы халықаралық латын әріптері максималды деңгейде қолданылады.

Әрі ықшам, әрі тез, ең бастысы, әрі ұлттық әрі халықаралық латын таңбаларымен таңбаланған әмбебап нұсқа. Бастары бір қазақнға симаған ұлттық және пернетақталық жобаны бір бойына жинаған әмбебап жоба деуге болады. 

Жоба авторлары: Талғар Дәлелғазы,  Болатбек Керім

Abai.kz

Other posts in this category