); ga('send', 'pageview');
 

Қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы ұсынылды

Қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы ұсынылды
Жалғасы Латын әліпбиі түркі әлемі мен еліміздің бірігуіне ықпал етеді – Депутат Білім және ғылым министрі: Маған 25 әріптен тұратын әліпби ұнады Ең көп қойылатын есімдер жаңа латын әліпбиі бойынша қалай жазылады? Латын әліпбиіне көшу үшін 600 миллион теңге бөлінеді Абаев жаңа әліпбиге қатысты пікірін айтты

Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық координациялық-әдістемелік орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы Ербол Тілешов қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Латынға өту жөніндегі жұмыс тобының мүшелерінің бірі жаңа әліпби нұсқасын Мәжілістегі парламенттік тыңдауда келтірді.

“Жаңа жазбаны қабылдау бір белгіні екіншісіне ауыстыра салу емес. Бұл әліппенің алдыңғы нұсқаларында жіберілген шалалықтарды жою. Осыған байланысты, біздің көзқарасымыз бойынша, жаңа әліпбиді жасап, оны енгізуде орфографиялық жаңа ережелерді қабылдау қажет. Ұсынылып отырған нұсқада латын әліпбиінің төл белгілері ғана бар”, – деді филолог.

“Диакратиктер қазақ тіліндегі өзіне тән дыбыстарды сақтауға кепіл бола алмайды. Мәселен, смарфтондар мен өзге де жазба құралдары бізге түрлі елден келеді, онда латынның 26 ғана әрпі бар. Диакритикалық белшілерді жаңа латын әліпбиіне енгізетін болса, оларды сирек қолданатындықтан, қазақ тілінің өзіне ғана тән төл дыбыстарынан айырылып қалуымыз мүмкін. Қазірдің өзінде, әсіресе жастардың арасында “ә” әрпін “а”-ғ, “қ” әрпін “к”-ға ауыстырып қолдану кең таралған, ал кейбірі тіпті “ғ”, “ң”, “ү”, “ұ” сияқты әріптерді елемейтін болған”, – дейді Ербол Тілешов.

Біз әлемнің жетекші елдері қолданып жүрген классикалық әліпбиді енгізіп, онда түрлі белгілерді қосатын болсақ біз алға қойған мақсаттарымызға жете алмаймыз. Диграфтарды қолдана отырып, біз өзіміздің дыбыстарымызды сақтап қала аламыз. Ал біздің кейбір әріптестеріміз ұсынып жатқан түрлі диакритикалық белгілер дыбыстың табиғилығын сақтамай, тек ұқсас әріптерді ажырата алуға мүмкіндік береді. Диграфтар бір дыбысты екі әріппен түсіндіретін болса, диакритикалық таңбалар қолдан жасалған жасанды белгілер болып саналады тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры.

“Қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын құрастыру кезінде, бірінші кезекте, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі ескерілді. Нәтижесінде жаңа әліпбиде 25 әріп болатын болды. Жаңа әліпбиді латын графикасы бойынша дайындау жобасы мынандай принципке негізделді – бір әріп – бір дыбыс, бір әріп – екі дыбыс және бір дыбыс (диграф жүйесі). Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толықтай сақтап қалу мақсатында әліпбиге 8 диграф қосылды”, – деді Тілешов.

Сондай-ақ, тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасының апробациядан өткенін айтты.

“Латын әліпбиін, әсіресе, жастар жақсы қолдана алады. Жазып үйрену ол уақытпен келеді. Ал жаңа әліпбидің бірыңғай стандарты сатылай жүргізілетін болады. Сондықтан да Қазақстан азаматтарына әліпбиді меңгеру еш қиындық туғызбайды”, – деді Ербол Тілешов.

Other posts in this category