); ga('send', 'pageview');
 

Жаңа әліпби нұсқасында неге кейбір әріптер жоқ және ескертулерді қайда жолдаймыз?

Жалғасы

Ең көп қойылатын есімдер жаңа латын әліпбиі бойынша қалай жазылады?

Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық координациялық-әдістемелік орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы Ербол Тілешов жаңа әліпби нұсқасына қатысты кейбір өзекті мәселелер бойынша пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, кеше, 11 қыркүйекте ҚР Парламент Мәжілісінде “Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы” тыңдау өткен еді. Сол тыңдауда Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық координациялық-әдістемелік орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы Ербол Тілешов қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын ұсынған болатын. Оның айтуынша, жаңа нұсқада 25 әріп болады. Бұл нұсқаға қатысты қазақстандықтар сұрақ қойып жатыр. 

Әліпбиді құрастырғандар онда не себепті 25 әріп қана бар екенін түсіндірді. “Біз белгілер мен әріптерді санамауымыз қажет. Дыбыстарды санауымыз қажет. Барлық қазақ дыбыстары бар ма? Әліппедегі 42 әріп – қолдан жасалған. Мұндай дыбыстар қазақ тілінде жоқ. Бар болғаны 28 дыбыс. Айталық, ағылшын тілінде 44 дыбыс, олар оны 26 белгі арқылы қолданады. Ал бізде керісінше, 28 дыбыс бар да, 42 әріп жасап алғанбыз. Бұл дұрыс емес”, – деп пікір білдірді Ербол Тілешов ОКҚ баспасөз мәслихатында. 

“Дыбыстар ешқайда да жоғалып кеткен жоқ. Мәселен “я”, “и” және “ю” дыбыстарын алайық. Бұл қазақ тілінде былай: “я” – “иа”, “ю” – “иу”. Қатаң және жіңішке дыбыстардың қажақ тілінде қолданудың мәні жоқ. Бізде үндестік заңы буын бойынша анықталмайды. Жаңа әліпбиде дәл 25 әріп болады деп жоспарламадық. 25 санын бастапқыда ойлап алған жоқпыз. Ал сегіз диаграфтарға келсек – біз бұл арқылы латын әліпбиіндегі белгілерді береміз. Сонымен қатар, бізде орыс тілінен келген дыбыстар бар – “в”, “ф”, “ц”. Оларға да орын беруіміз қажет болды”, – деді филология ғылымдарының докторы.  

“Тағы да өтінемін, дұрыс түсініңіздер, бірінші кезекте қазақ тілінің дыбыс жүйесін қамтуымыз керек. Бұл нұсқада бұл міндет орындалып тұр. Яғни қазақ тіліндегі барлық дыбыс қамтылған. Оған қоса айталық орыс тілінен келген дыбыстарды біз қалдыруды жөн санадық”, – дейді Ербол Тілешов.  

Сонымен қатар, тілдерді дамытудың республикалық координациялық-әдістемелік орталығының директоры “у” әрпін жазуға байланысты мәселеге тоқталды. 

“Бізде де “у” әрпін “у” деп жазайық деген нұсқа болды (әліпбидің жаңа нұсқасында бұл дыбыс “w” ретінде көрсетілген). Көпшілігі бұл белгіге ағылшын тілінің призмасымен қарайды. Ағылшын тілімен салыстырып жатыр. Бірақ латын әліпбиі ағылшын әліпбиі емес қой. Ағылшын тілі латын әліпбиінің негізінде жасалған. Тілді әліпбимен шатастырмау қажет. Біз ағылшын тілін латын әліпбиімен шатастырып жатырмыз. Қазақ тілі – басқа жүйенің тілі, оны байланыстырудың қажеті жоқ. Бірінші кезекте ағылшын әріптерін қабылдамауымыз қажет, біз дәстүрлі латын әліпбиін алып, оған өзіміздің дыбыс жүйемізді қосуымыз қажет”, – деді Ербол Тілешов. 

“Мәселен, бізде “у”, “ұ”, “ү” – бізде осындай бірнеше дыбыс болды. Ағылшын, орыс тілдерінде мұндай дыбыстар жоқ. Біз бір дыбысты алып, оны өзге тілмен салыстырып жатырмыз, ал егер бұл дыбыстарды өзгертетін болсақ, жүйе өзгеріп кетеді”, – деп есептейді филология ғылымдарының докторы. 

Қазақтың жаңа әліпбиін құрастырушылар қазақстандықтар “W” әрпін қабылдамады деген тұжырымға келді. Спикерлер ұсынылған нұсқаның әлі бекітілмегенін еске салды. Халықтың барлық ұсынысы мен ескертуін ұйымдастырушылар қабылдаймыз деп отыр. “Арнайы ұсыныс болса, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдер және қолғамдық-саяси жұмыс жөніндегі комитетіне немесе Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық координациялық-әдістемелік орталығына 48-83-67, 40-83-93, 40-63-83 телефон нөмірлері арқылы байланысқа шығуға болады”, – деді маман.

Other posts in this category